Мемлекеттік кірістер комитеті VOLGA DNEPR AIRLINES компаниясының ұшағы елордадан ұшып кеткенін хабарлады. VOLGA DNEPR AIRLINES компаниясы әуе кемесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, кедендік рәсімдер жүргізілді. Сондықтан әуе кемесі елорда әуежайынан ұшып кетті", – делінген комитет хабарламасында. Бұған дейін ведомство әуе кемесінің Нұр-Сұлтанда неге тоқтатылғанын хабарлаған болатын.