Алматыда медициналық университет студенті өз-өзіне қол жұмсады, – деп хабарлады Orda.kz. Редакцияға анонимді дереккөз хабарласып, Қазақстан-Ресей медицина университеті Жалпы медицина факультетінің 5-курс студенті асылып қалғанын хабарлаған. Университет ақпаратты растап, оқиғаға қатысты кейбір мәлімет бар хат жолдаған.
«Студент 28 маусымда сағат 03.00 -де үйден шығып, өз-өзіне қол жұмсаған. Марқұмның әпкесі полицияға оның құрбысымен ұрысып қалған соң тұйықталып кеткенін хабарлаған», – делінген хатта.Студент жақсы оқыған, соңғы мемлекеттік емтиханнан 78 балл алған.