Украинада оқитын үнді студенттері Қазақстанға ауысуы мүмкін

УКраина
© inbusiness.kz

Украинада оқып жүрген 200-ге жуық үндістандық студент Қазақстанға ауысуы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

«Үндістан үкіметі бізге ресми түрде  жүгінді. Кеше елімізге Үндістанның сыртқы істер және мәдениет министрі Минакши Лекхи келді. Кездесуде Украинада жиырма мыңнан астам студенттің білім ала алмай қалғаны туралы мәселе көтерілді және бізден көмек сұрады. Жалпы, біздің университеттер көмек көрсетуге, шамамен 200 студентті қабылдауға дайын», – деді тілшілерге Ажар Ғиният Үкімет отырысынан кейін.

Министр шетелдік студенттер оқу ақысын өздері төлейтінін, Денсаулық сақтау министрлігі мүмкіндігін қарай шетелдік студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі де қарастырылатынын айтты.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.