– Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік және ішкі бақылаудың тиімділігін арттыру бойынша кешенді шаралар қабылдау мақсатында былтыр Шығыс Қазақстан облысында 2025 жылға дейін Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына ішкі бақылауды жүзеге асыру үшін кәсіпорындарда 1 950 техникалық инспектор қызметін жүзеге асырады, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 1 298 өндірістік кеңес құрылды, – деді Шығыс Қазақстан облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов.Жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру және жастарды қолдау – партияның негізгі басымдықтарының бірі.
– Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы Мәжіліс отырысында берген тапсырмасына сәйкес, биылдан бастап осы жобаларға қатысушыларға мемлекеттік бюджеттен субсидиялар есебінен төленетін жалақы мөлшері едәуір ұлғайды. «Жастар тәжірибесі» жобасы бойынша жалақы 25 АЕК-тен (76 575 теңге) 30 АЕК-ке (91 890 теңге), «Бірінші жұмыс орны» жобасы бойынша 20 АЕК-тен (61 260 теңге) 30 АЕК-ке (91 890 теңге) дейін ұлғайтылды. Осы жылы Жастар практикасы бойынша 165 адам, «Бірінші жұмыс орны» жобасы бойынша 25 адам қамтылды, – деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Досхан Қайырғазинов.
Азат ҚАЗАҚ