Балалардың тауы шағылмауы керек – Жұлдыз Сүлейменова
Балалардың тауы шағылмауы керек – Жұлдыз Сүлейменова
1,499
оқылды
Жақында Алматыдағы химия-биология бағытында білім беретін Назарбаев зияткерлік мектебінен шу шықты. Ата-аналардың айтуынша, биылғы гранттар қазақ және орыс сыныптары арасында әділ бөлінбеген. Соның кесірінен 40-қа жуық оқушы ең жоғары балл жинаса да оқуға түсе алмай қалған. «Балаларымызды алалады» деп күйіп-піскен ата-аналар гранттарды қайтадан үлестіруді талап етіп отыр. Осыған орай, мәселенің анығын Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменовадан сұрадық. – Осы мәселе бойынша сізге хабарласқан азаматтар бар ма? – Қазір барлығымыз Ал­ма­ты қаласы химия-биология бағы­тын­дағы Назарбаев Зияткерлік мек­тебіне қазақ тілінде білім ала­тын бө­ліміне жоғары балл жинап, «Өр­кен» грантына ие бола алмаған ба­ла­лардың ата-аналарының дау-да­майы басылмай отырғанын кө­ріп отыр­мыз. Иә, маған ата-ана­лар­дан бұл мәселеге қатысты хат ке­ліп түс­ті. Мен ол хатты құзыретті ор­ган қам­қоршылық кеңеске, Оқу-ағарту министрлігіне, дербес білім беру ме­кемесіне де жолдадым. Жал­пы, бұл мәселеге қатысты әлеу­мет­тік же­­ліде де хабарласып жатқан аза­маттар бар. Сондықтан бұл мә­се­ле­нің орынды шешілуі бүгінде өзек­ті. – НЗМ қалалық басқармаға да, министрлікке де бағынбайды. Мек­теп дербес білім беру ұйымы болған­дық­тан бұл мәселені кім шешеді? – Бұл жерде бірнеше концеп­туал­ды мәселелерге көңіл аударғым ке­леді. Назарбаев Зияткерлік мек­теп­тері – статусы заңмен бекітілген ор­та білім саласында министрлікке ті­келей бағынбайтын барлық оқу, қар­жы ұйымдастырушылық про­цес­терді жеке-дара дербес жүргі­зе­тін, дербес ұйымдастыратын жал­ғыз білім беру ұйымы. Қазір болып отырған келеңсіздік ата-ана­лар арасындағы оқиғаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес бі­лім беру ұйымының Басқарма бас­шы­лығы жауапты. Алматыда химия-биология ба­ғы­тындағы Назарбаев Зияткерлік мек­тебінің директоры жиналған ата-аналарға шешімді республи­ка­лық комиссия қабылдайды деп ми­нистрлікке сілтегенімен, грант­тар­дың саны туралы, мектептің сыйым­дылығына байланысты ұсы­нымды әзірлеген және оны рес­пуб­ликалық комиссияға енгізген Бас­қарма төрайымы және Басқарма бас­шылығы жауапты. Сондықтан ше­шім қабылдайтын Басқарма Тө­райы­мы және Басқарма мүшелері осы ата-аналардың алдына барып, өз­дерінің қатесін мойындап, ба­ла­лардың жинаған жоғары бал­да­рын ескеріп, әділетті шешім қабыл­дау­ға міндетті. – Комиссия гранттарды тек қала мек­тептеріндегі оқушылардың са­ны­на қарай бөлген көрінеді. Ата-аналар қа­ла маңындағы елді мекендердің ба­лалары неге ескерілмегенін түсін­бей отыр. Бұған не дейсіз? – Назарбаев Зияткерлік мек­теп­тері өздері бекіткен 2030 жылға дейін­гі «Даму Стратегиясында» оқу­шылардың конкурстық іріктеу бө­лігінде жазған міндеттемелерін то­лық орындамағандығын ескеру ке­рек. Ол жерде конкурстық іріктеу ав­томаттандырылады деп көздел­ген. Бүгінде бұл стратегиялық мін­дет­темелері орындалмай отыр. Стратегияда негізгі мақсат – ұлт­тың интеллектуалды әлеуетін арт­тыруға бағытталған. Сондықтан ауыл­дағы тұрмысы нашар, әлеу­мет­тік осал топтардағы дарынды ба­ла­ларға да мүмкіндік қарастыру керек еді. Ол өте төмен деңгейде жүзеге асы­рылуда. Оның орнына ата-ана­лар барлық тапқан-таянғанын тө­леп репетиторлық орталықтарда дайындағанмен, балалары грантқа түсе алмай жатыр. Соның кесірінен қо­ғамда әлеуметтік наразылық кө­бей­ген. Мұны бұлай қал­дыруға бол­майды. Жалпы, Назар­баев Зият­кер­лік мектептерінің Бас­­­­қармасы кри­зистік коммуни­ка­ция­ларын ретке кел­тіруі керек. Бала­лары­мыз білім­де­гі әділетсіздіктен тау­лары шағыл­мауы керек. – Әңгімеңізге рақмет!