«Республиканың басым бөлігінде ауа райына оңтүстік циклон әсер етеді. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Батыста 2 шілде күні, солтүстік-батыста 3 шілде күні, оңтүстікте, республиканың орталығында 4 шілде күні жаңбыр жауады, сол сияқты бұршақ, дауыл, желдің күшеюі күтіледі. Еліміздің барлық аумағында күн райы салқын болады», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.