Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 30 маусым кешімен салыстырғанда 3,80 теңгеге төмендеп, 1 доллар 466, 44 теңге болды.
Ұлттық банктің 1 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 470,34 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы 464 теңге, сатып алу – 468 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 463 теңгеден болса, сатып алу құны – 465,50 теңге.