Сұйылтылған газ қымбаттамайды
Сұйылтылған газ қымбаттамайды
680
оқылды
1 шілдеде Энергетика министрлігінің сұйылтылған мұнай газының шекті көтерме сауда бағасын 1 тоннасына 33 600 теңге деңгейінде бекіту туралы бұйрығы күшіне енді. Бұл 1 литрге шаққанда – 19,7 теңге, жыл басынан бастап көтерме сауда бағасы 1 тонна үшін 28 мың теңге (16 теңге/ литр) болды. Сұйылтылған газға көтерме сауда бағаларын 20% арттыру (3,7 теңге/литр) бірінші кезекте зауыт­тардың сұйылтылған газ өндірісін қолдауға бағытталған. Министр­ліктің мәліметінше, бұл шара сұйылтылған газ өндірушілер мен өткізушілер арасында кірісті ішінара әділ бөлуді қамтамасыз етуге және зауыттарды сұйылтыл­ған газ өндіруге ынталандыруға мүмкіндік береді. Өйткені ағым­дағы көтерме сауда бағасы (1 тонна үшін 28 мың теңге болған кезде) пайданың негізгі үлесі сұйыл­тыл­ған газды бөлшек саудада өткізу­мен айналысатын нарық субъекті­лерінде қалады, ал өндіруші зауыттар шығынмен жұмыс істей­ді. «Қазір Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі шекті бөлшек сауда бағаларын мем­лекет­тік реттеу мерзімін ұзарту жұмысын жүргізіп жатқанын, оған сәйкес соңғы тұтынушылар үшін сұйыл­тылған мұнай газы бөлшек сауда бағасы көтерілмей, бұрынғы дең­гей­де қалатынын хабарлаймыз», – делін­ген ведомство хабарлама­сында.

А.ТҰМАР