Мәселесі шешіліп, мәре-сәре болды
Мәселесі шешіліп, мәре-сәре болды
792
оқылды
Түркістан облысында көшпелі қоғамдық қабылдау бары­сында талқыланған мәселелер уақытылы өз шеші­мін тауып жатыр. Биыл 27 сәуір күні Түлкібас ау­даны Састөбе ауылдық окру­гін­де тұрғындардың арыз-өті­ні­шін тыңдау үшін көшпелі қо­ғам­дық қабылдау өткізілген болатын. Қа­былдауда 10 мыңға жуық хал­қы бар Састөбе ауылдық округі мен соның маңында орналасқан шалғай елді мекен тұрғындары Сас­төбе кентінде Халыққа қыз­мет көрсету орталығы бөлімшесін ашу­ды сұраған еді. Осы өтінішке бай­ланысты «AMANAT» пар­тия­сы Түлкібас аудандық филиа­лы­ның атқарушы хатшысы Қуатбек Ерке­баев «Азаматтарға арналған үкі­мет» мемлекеттік корпора­ция­сының Түркістан облыстық фи­лиалы директоры Ержан Жеңіс­бе­ковке арнайы сұраныс хат жол­дады. Бір ай өтпей, мобильді ХҚКО тобы Састөбе кентінде уә­кілетті мемлекеттік орган келі­сі­мімен кесте бойынша мемле­кет­тік қызметтер көрсетілетінін, яғ­ни Халыққа қызмет көрсету ор­талығы ашылатынын хабар­лады. Қазір бұл орталық өз жұ­мы­сын бастап кетті. Бүгінде онда 500-ден астам элек­тронды қызмет алуға болады. Со­нымен қатар халыққа элек­т­рон­­ды қызметті Egov плат­фор­ма­сы мен басқа да мессенджерлерде электронды цифрлық қолтаңба арқылы қалай алуға болатыны түсіндіріліп жатыр.

Азат ҚАЗАҚ