Басқұдықта жаңа мектеп ашылады
Басқұдықта жаңа мектеп ашылады
714
оқылды
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында үшауысымды мектептерді азайту мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде ауданда екі мектеп бой көтеруде. Биыл Басқұдық ауылында салынып жатқан 600 орындық білім ордасы пайдалануға беріледі. Бұл мәселе «AMANAT» пар­­тиясының сайлауалды бағ­дар­ламасына енгізіліп, партияның бақылауынан түскен емес. Осы мектеп құрылысымен та­нысу, жаңа оқу жылына дайын­дығын бақылау мақ­са­тында партияның облыстық фи­лиалы жанындағы пар­тия­лық бақылау комиссиясының мең­герушісі Арыстан Хибасов, об­лыстық мәслихат депутаты Гүл­нәра Тасболатова, Мұнайлы ау­дандық мәслихат депутаты Аб­зал Марат мониторинг жұ­мыс­тарын жүргізді. Басқұдық ауылындағы 600 орын­дық мектептің құрылысы қар­қынды жүргізіліп жатыр. «Альянс LDT» мекемесінің про­рабы Сержан Нәренбаев құ­ры­­лыс нысанының жұмы­сы­­мен таныстырып, ауыл тұр­ғын­дары жаңа оқу жылында жаңа мек­тепте оқитынын жет­кізді.

Азат ҚАЗАҚ