Күмәнді ұйымдар тізімі бар
Күмәнді ұйымдар тізімі бар
747
оқылды
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жосықсыз қызмет белгілері бар ұйымдардың тізімін жариялады. Тізім жеке және заңды тұлғалардың өтініш-шағымын қарау, мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам институттары және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл негізінде жасалған. Қазір бұл тізімге 154 субъект кіреді. Тізімдегі субъектілердің қызметі қаржылық лицензиялау және реттеу аясынан тыс. Тиісінше, клиенттердің оларға көрсетілетін қаржылық қызметтер бойынша құқығы заңнамалық тұрғыдан қорғалмаған. Осыған байланысты агенттіктің тізімінде көрсетілген тұлғалармен қаржылық операциялар жасау Қазақстан азаматтары үшін салынған қаражаттан айырылу қаупіне әкелуі мүмкін. Тізімді жариялау қолданыстағы алаяқтық схемалар мен жалған активтер туралы халықтың хабардарлығын арттыруға, тұтынушыларға осындай компанияларға салым салған жағдайда шығынның жоғары тәуекелі туралы уақытылы ескертуге, осылай­ша алданып қалу ықтималдығын болдырмауға мүмкіндік береді.

Асыл ТҰМАР