Қазақстанда тағы 187 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда тағы 187 адамнан коронавирус анықталды
848
оқылды
Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирустың 187 жаңа жағдайы тіркелді, - деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 306 984-ке жетті.
"Қазақстанда 1 шілдеде коронавирус жұқтырған 187 адам тіркелді. Бұл көрсеткіш 30 маусымда 189 болған. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 46, Алматы қаласында - 92, Шымкент қаласында – 16, Ақмола облысында – 2, Алматы облысында - 8, Атырау облысында - 6, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Жамбыл облысында - 5, Батыс Қазақстан облысында - 2, Қарағанды облысында - 6, Қостанай облысында - 1, Маңғыстау облысында - 1, Түркістан облысында - 1", - деп жазды комиссия.
Сондай-ақ, Қазақстанда 48 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.