53 жастағы әйел Бурабай ауданы Орлиное гнездо тауында аяғын сындырып алған. Құтқарушылар зардап шеккен әйелді таудан түсіріп, жедел жәрдемге тапсырды, деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
"Щучье қаласынан келген 2 ересек пен 3 бала Орлиное гнездо тауын бағындырмақшы болған. Сол кезде 1969 жылы туған әйел құлап, аяғын сындырып алған. Құтқарушылар зардап шеккен әйелді 400 метр биіктіктегі ұзындығы 2 км болатын таудан зембілге түсіріп, жедел жәрдем көлігіне әкелді", – деді ведомстводан.