Қырғызстан қазақтары қауымдастығының экс-басшысы екі жыл алты айға сотталды
Қырғызстан қазақтары қауымдастығының экс-басшысы екі жыл алты айға сотталды
© AP Photo / Michael Probst
723
оқылды
Мемлекетке опасыздық жасағаны үшін Қырғызстан қазақтары қауымдастығының бұрынғы басшысы Марат Токтоучиков екі жыл алты айға сотталды, – деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Бішкек қаласының Бірінші Май аудандық сотының үкімімен Токтоучиков Қырғызстан Қылмыстық кодексінің "Мемлекетке опасыздық" бабы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған екі жыл алты ай мерзімге жалпы режимдегі түзеу колониясында бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Токтоучиков мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен 2021 жылдың сәуірінде ұсталды. Онымен бірге Қырғыз-Ресей Славян университетінің халықаралық қатынастар факультетінің саясаттану кафедрасында жұмыс істеген саясаттанушы Марат Қазақпаев та дәл осындай айыппен ұсталды. Қазақпаев пен Токтоучиков Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚК) тергеу изоляторына қамалды. 2022 жылы 9 маусымда Қазақпаев денсаулығының күрт нашарлауына байланысты Бішкектегі №1 клиникалық ауруханаға жеткізілді. 10 маусымда комадан шықпай, ауруханада қайтыс болды.