Әлеуметтік нысандар – депутаттар назарында!
Әлеуметтік нысандар – депутаттар назарында!
463
оқылды
Алматы облысына жұмыс сапарымен барған  Мәжіліс депутаттары,  «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері  Мақпал Тажмағамбетова  мен  Жанна Тельпекбаева   Қонаев қаласындағы 900 орындық мектеп құрылысымен танысты. Шара партияның сайлауалды Жол картасында көрсетілген жоспарларды жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған.   Аманаттықтар партияның Жол картасында белгіленген міндеттерді уақытылы және сапалы атқарылуын қатаң бақылауға алған. Жаңа ғимараттың пайдалануға беру уақыты  2023 жылдың қантар айы деп жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны – 2 100 876 678.43 теңге.  Қазір құрылыс жұмыстары  50 пайызға аяқталған. «Бұл нысанның құрылыс жұмыстарына «Еңбек» бағдарламасы арқылы 150 адам жұмысқа тартылған. Құрылыс жұмыстарына біз толықтай отандық өнімдерді қолданып жатырмыз. Нысанның құрылыс деңгейін    апта сайын келіп, жергілікті халық қалаулылары бақылап отыр. Сондай-ақ ғимарат келесі жылы  толығымен пайдалануға беріледі», –   деді мердігер  Бекзат Молдабеков. Құрылыс жұмыстарын аралап көрген Мәжіліс депутаттары бірқатар мәселеге назар аударды. – Мердігерлер мектепті уақытында аяқтауы тиіс. Әрине, бірінші кезекте мектептің құрылысы жоғары деңгейде  болса дейміз. Сонымен бірге сапалы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, барлық стандарттарға  сай болуын, яғни құрал-жабдықтарға, зертханалардың  дұрыс орналасуына да бақылау қажет,  – деді Мәжіліс депутаты Мақпал Мазаққызы. Жаңа білім нысанында балалардың сапалы білім алуына барлық жағ­дай жасалмақ. Мектепте оқу ка­бинеттерімен қатар, тех­нологияларды өңдеу шеберха­насы, спортзалы, мәжіліс залы, асхана, компьютерлік сыныптар, меди­цина кабинеті болады. Сонымен қатар халық қалаулылары  қала әкімшілігіне  мемлекет қар­жысына салынып жатқан нысан­ның сапасына ерекше мән беруді тапсырды және сала басшыларының өтініш­теріне құлақ түріп, білім саласын­дағы мәселелерді назарға алатынын  жеткізді. Білім мекеме­лерінде санитарлық құралдардың толық болуы мен талаптардың қатаң сақталуы керегін ескертті.