Тараз және Шымкентте ҰҚТ-ның 18 көшбасшысы ұсталды
Тараз және Шымкентте ҰҚТ-ның 18 көшбасшысы ұсталды
9,352
оқылды
30 маусымда ҰҚК Ішкі істер министрлігімен бірге бір мезгілде Тараз және Шымкент қалаларында "А" және "Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің жұмылдырылуымен еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі криминогендік жағдайға теріс әсер етіп келген қоғам үшін қауіпті болып табылатын ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз іс-әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операцияны жүзеге асырды. Бұл мақсатта алдын-ала жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралардың толық кешені мұқият жүргізілді.
"Нәтижесінде қылмыстық топ мүшелерінің тауарлы-материалдық құндылықтарды аса ірі мөлшерде ұрлауға және кәсіпкерлерден ақша қаражатын бопсалауға қатысы бар екені туралы дәлелдер жиналды. Арнайы операцияның нәтижесінде қылмыстық топтың 14 көшбасшысы мен белсенді қатысушылары ұсталды", – делінген хабарламада.
Процессуалдық іс-шаралар барысында қару-жарақ арсеналы, қомақты ақша сомасы, сондай-ақ тергеу үшін қызығушылық тудыратын құжаттық материалдар табылып, тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.