«27 маусымда Ақтөбе облысы бойынша Шекара қызметі департаменті «Жайсаң» (автомобиль) өткізу пунктінде тексеру іс-шараларын жүргізу кезінде ақшалай қаражатты шетелге заңсыз әкету әрекетін анықтады. 304 000 АҚШ долларын автомобильдің жүк салғышындағы қосалқы доңғалақтың астына жасыруға тырысқан шетелдік азамат ұсталды. Материалдар Экономикалық тергеу департаментіне берілді», - делінген Комитет ақпаратында.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 жарлығына сәйкес, Ұлттық банк әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынған.