«Қала мен ауыл оқушылары арасында оқу сауаттылығындағы алшақтық 22 балға қысқарған. 2018 жылы бұл көрсеткіш 37 балды құраса, 2021 жылдың зерттеу нәтижесіне сәйкес 15 балл болды. Бұл алшақтық ауыл мектептерінің оң динамикасы негізінде болды. Оқыту тілі бойынша, яғни қазақ және орыс тілінде оқитын білім алушылардың арасындағы алшақтық 21 балға қысқарды. Бұл жерде де алшақтық қазақ тілінде оқитын оқушылардың анағұрлым оң динамикасы нәтижесінде қысқарды», – деді «Ақпараттық-сараптамалық орталық» АҚ басқарма төрағасы Мағжан Аманғазы.2021 жылы жүргізілген PISA халықаралық зерттеуінің алғашқы нәтижесі жарияланды. Зерттеуге елімізден 200 мектеп пен колледж қатысқан. Зерттеу қорытындысы бойынша 64 жеке және 45 топтық есеп дайындалады.
«PISA-2018-бен салыстырғанда барлық үш бағыт бойынша оң динамиканы байқап отырмыз. Функционалдық сауаттылығы төмен білім алушылардың да үлесі қысқарды. Қала мен ауыл оқушылары арасындағы оқу тілі тұрғысынан алшақтықтың қысқарғанын атап өткен жөн», – деді ол.
Б.МАРАТ