Отандық ғалымдардың жаңалығы бар
Отандық ғалымдардың жаңалығы бар
503
оқылды
Қазақстандық ғалымдар жел энергиясын қауіпсіз әрі тиімді пайдалануға арналған жел генераторын ойлап тапты. «Ғылым қорының» мәлімдеуінше, құрылғы қатты желге төтеп беріп, аз жел жылдамдығы кезінде электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Жүргізілген патенттік зерттеулерге сәйкес, мұндай құрылғының ТМД-да баламасы жоқ.
«Біз еліміздің климаттық жағдайына бейімделген генераторды ойлап таптық. Жел, күн және өзендердің су ресурстарының қуатын қолданып, оны электр энергиясына айналдырамыз. Электр қуатын тиімді түрлендіруге мүмкіндік беретін заманауи әрі сенімді техникалық амалдарды қолданамыз», – деп атап өтті жоба жетекшісі Жанболат Мұзбаев.
Мамандардың сөзінше, мұндай генераторларды орнату шалғайда орналасқан желілерді электрмен жабдықтау проблемасын шешуге жол ашады. Жел құрылғысы шағын жер телімдеріне орнатуға ыңғай­лы. Ол 40 градус аптап ыстық пен 50 градус аязға тө­теп бере алатындай сапалы материалдардан жа­сала­ды. Қазір ғалымдар өз стансаларын Алматы облысы аумағындағы республикалық магистралды тасжол­дарға орнатып жатыр. Сондай-ақ су жаңа өнімді Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Ресей, Индонезия, БАӘ сынды елдерге экспорттау мәселесі бойынша келіссөздер жүргізілу­де. Жобаға «Ғылым қоры» гранттық қолдау көрсет­кен.

Т.АСЫЛ