«Бүгінде еңбек инспекциясы жергілікті атқарушы органға бағынады, ал біз керісінше инспекцияның Еңбек министрлігіне бағынуын және жергілікті атқарушы органға тәуелді болмауын ұсынамыз. Сонымен қатар мемлекеттік инспектор құқықтық статистика органдарына және кәсіпорынға тексеріске шығатыны жөнінде алдын ала хабарлауы керек, әйтпесе мұндай хабарлама жосықсыз жұмыс берушілерге кәсіпорындағы жарақаттану және басқа да тәртіп бұзушылықтар фактілерін жабуға мүмкіндік береді. Осының алдын алу үшін және бақылаудың тиімділігін арттыру үшін біз кенеттен тексерулерді енгізуді ұсынамыз», – деді Юрий Жулин.Өз кезегінде Гүлнар Бижанова қызметкерлерді белсенді кері байланыс орнатуға, ұсыныстар білдіруге шақырды. Сондай-ақ ол биылғы маусымда қабылданған конституциялық реформалар ең алдымен қоғамның мемлекетті басқару мәселелеріне ықпалын күшейту институтына бағытталғанын атап өтті.
Азат ҚАЗАҚ