Алматыда оқитын үндістандық студент Қапшағайда суға батып кетті, – деп хабарлады Alataunews.kz.
Қаза тапқан студенттің жерлесінің айтуынша, студент Хайдарабад қаласынан келген. Ол – Алматыдағы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенті. Суға бата бастаған сәтте достарын көмекке шақырған. Алайда оны ағыс судың ортасына қарай алып кеткен. Бас-аяғы жарты сағат шамасында судың толқыны мәйітті жағаға шығарып тастаған.
Оқиғаның мән-жайын полиция анықтайды.
https://youtu.be/19OZS6iOVXU
Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында Ақсу өзеніне ағып кеткен Үндістаннан келген студенттердің мәйіті іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.