Бүгін астана мен Алматыда ақша айырбастау пункттерінде доллар 474-479 теңгеден сатылып жатыр.
Kurs.kz-тің мәліметінше, астанада 1 доллар 474-478 теңгеден, Алматыда доллар бағамы 475-479,50 теңге аралығында құбылып тұр.
7 шілдеде сауда қорытындысында доллардың орташа бағамы 8,66 теңгеге қымбаттап, 477, 43 теңге болған еді.
Ал Ұлттық банктің 8 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 477, 24 теңге.