Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 7 шілденің кешімен салыстырғанда 2,51 теңгеге төмендеп, 1 доллар 474,92 теңге болды.
Ұлттық банктің 8 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 477,24 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 474 теңге, сатып алу – 478,50 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 471 теңгеден болса, сатып алу – 474,50 теңге.
Айта кетейік, бүгін таңертең ақша айырбастау пункттерінде доллар 474-479 теңгеден саудаланған болатын.