Жаңа жоба бағаны қадағалайды
Жаңа жоба бағаны қадағалайды
457
оқылды
Мемлекеттік кірістер ко­ми­теті жаңа жоба арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен көмірдің бағасын қадағалуды жалғас­тыруда. Биылғы 30 сәуірден басталған жобаның басты мақсаты – азық-түлік қауіп­сіз­дігін қамтамасыз ету, и­нфляцияның өсімін болдыр­мау және азық-түлік тауар­ларына бағаның негізсіз кө­терілуіне жол бермеу. «Жоба ел аумағында биылғы 31 желтоқсанға дейін жұмыс істейді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және таскөмірді қадағалау электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде жүргізіледі. Барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізушілер электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі esf.gov.kz порталына тіркелуі тиіс. Сонымен қатар ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыруда, оның ішінде жеке тұлғаларға бөлшек саудада өткізу кезінде бақылау-касса машинасының чегін ұсыну қажет» делінген комитет таратқан хабарламада.