Кішкентай кәсіпкер
Кішкентай кәсіпкер
772
оқылды
Қызылорда қаласында кішкентай кәсіп иесі тұрады. Ол кез келген адамның қолынан келе бермейтін ерекше үлгідегі аяқкиім тігумен айналысады. Кішкентай кәсіпкер сапалы әрі ерекше үлгіде жасаған өнімін сатып, көл-көсір табыс тауып отыр. Ұлан Сайлау – 9-сынып оқушысы. Қаладағы №176 мектепте оқитын қолөнер шебері тігіншілікті бір жыл бұрын қолға алыпты. Алғашында Instagram желісі арқылы бұл өнерге қызығушылық танытып, қыр-сырын жетік меңгереді. Артынша өз мүмкіндігін пайдаланып көруге бел буады.
«Тігіншілікке анам баулыды. Одан кейін өзімнің де қызығушылығым артып, көп іздендім. Бұл өнердің қыр-сырын меңгеруіме интернеттің де көмегі көп болды. Әсіресе, Instagram-дағы «Алтын қол» деген парақша этнобрендке бейімдейді. Алғашында тоқыма өнерін үйрендім. Артынша аяқкиім тігуге бет бұрдым», – дейді қолөнер шебері.
Оның айтуынша, шеберлік курс­тарын онлайн оқып, біліктілігін жетіл­діріпті. Осылайша, тың кәсіпті меңгеруге тігіншілік өнерге деген қызығушылығы түрткі болған екен. Он төрт жастағы тігінші қыз бүгінде тапсырыс бойынша жұмыс істеп отырғанын жеткізді. Негізгі табыс көзін тоқыма бізі мен ирандық жіптің көме­гімен тауып келеді. Аяқкиімді   тап­сырыс берушілердің талғамына сәйкес жасайды. қолөнер Қолөнер шебері тек қыздарға арналған аяқкиім тігетінін айта кету керек. Оның ішінде спорттық аяқкиім мен сүй­ретпелерді тігудің ше­бері. Қолы қалт етсе, көрпе тігуді де сүйікті ісіне ай­нал­дырған. Әсіресе, құрақ көр­пеше­лерді нақы­шына келтіре құрап шығаруға шебер. Жас та болса, екінің бірінің қолынан келе бермейтін ерекше кәсіпті меңгер­ген оның алға қойған арманы асқақ. Келешекте өз кәсібін кеңейтуді мақсат тұтады. Қажетті қондырғылармен жаб­дық­талған жаңа үлгідегі шеберхана ашқысы келеді. Сол арқылы халықтың тал­ғамына сәйкес түрлі сапалы аяқ­киімді тігуді қолға алуды мақсат тұтады. Бүгінде тапсырыспен жұмыс істеп отырған ол қарапайым үлгідегі аяқкиім тігуге бір сағат уақытын жұмсайды жеткізді. Ал дизайны мен пішінінің күрделілігіне қарай кейбір өнімдерін екі-үш сағатта дайындайды. Дайын өнімін 3 мыңнан 10 мың теңгеге дейін бағалайды. Тың кәсіп иесі өз еңбегімен айына 70 мың теңгеге дейін табыс таба­ты­нын жеткізді. Кәсібіне қажетті өнім­дерді көрші мемлекеттерден тап­сырыспен алдырады екен. аяқ-киім Қазір қолындағы мүмкіндігіне қарай жұмыс істеп отырған қыздың алдағы жоспары ауқымды. Алдымен өз жобасын тиісті орындарға ұсынып, сол арқылы халықтың талғамына сай жұмыс істейтін үлкен шеберхана ашуды мақсат тұтады. Аяқкиімдерін сауда орнына шығаруды да көздейді. Ал болашақта медицина саласы бойынша білім алып, кардиолог дәрігер болуды армандайды. Біз де өз тарапымыздан талабы таудай тың кәсіп иесіне асқақ арманы ақиқатқа айналуына тілектестік біл­діреміз.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЕВ, Қызылорда облысы