Елімізде тұңғыш рет турникке тартылудан республикалық сайыс өтті
Елімізде тұңғыш рет турникке тартылудан республикалық сайыс өтті
1,691
оқылды
Қонаев қаласында турникке тартылудан республикалық Tartyl Fest спорт фестивалі өтті. Сайыста жасы мен салмағына қарай 9 категория бойынша 180-ге жуық адам сынға түсті. Қатысушылардың дені Қонаев қаласы мен қала маңындағы ауыл тұрғындары. Әуесқойлар арасындағы турнирдің қорытындысы бойынша 27 жүлдегер анықталды. Турникке ең көп тартылған адам – Рамиль Аблизов. Ол 37 рет турникке тартылып, қалалық жарыста үздік атанды. турник Ал, 10 рет турникке тартылған 81 жастағы Валерий Юрихин жарыстың ең егде қатысушысы атанып, арнайы сыйлыққа ие болды. Қалалық жарыстың жалпы жүлде қоры – 3 400 000 теңге. Бірінші орынға – 200 000, екінші орынға – 100 000 және үшінші орын алған жүлдегерлерге 50 000 теңге көлемінде қаржылай жүлде табысталды. Еске сала кетейік, аталған шара Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Dara» дарындыларды қолдау қорының» ұйымдастыруымен елімізде тұңғыш рет өткізіліп отыр. Спорттық сайыс еліміздің 20 қаласында жалауын көтеріп, 6 қыркүйекке дейін жалғасады. Аймақтардан топ жарған мықтылар Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға жолдама алады. Гранд-финалдың жүлде қоры – 54 000 000 теңге. Жарыс қорытындысы бойынша гранд-финал жеңімпаздары әлем чемпионатына қатысып, халықаралық додада Қазақстанның намысын қорғайды.
Сайысқа қатысу үшін өтінішті www.daraqory.kz ақпараттық сайтына жолдауға болады. Фестиваль туралы толық ақпарат та осы порталда.