Туристер тауға шығып бара жатқанда мұздық еріп, қар көшті – видео
Туристер тауға шығып бара жатқанда мұздық еріп, қар көшті – видео
Фото: АКИпресстің видеосынан скриншот
1,018
оқылды
Қырғызстанға Ұлыбританиядан келген турист Гарри Шиммин шың басындағы мұздықтар еріп, қар көшкен сәтті видеоға түсіріп алған. Қауіпті болса да ерекше құбылысқа қызығушылық танытқан турист көшкіннен үрейі ұшса да, ерекше сәтті таспалағанына дән риза болды, – деп жазады АКИpress. Дереккөздің жазуынша, көшкін Жууку асуында Арабел шатқалы мен Ыстықкөл қазаншұңқыры түйісетін маңда болған.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от АКИпресс - Новости Кыргызстана (@akipress)

Көшкін жүрген сәтте асуда бір топ турист саяхаттап жүрген. Оның ішінде, 9 Ұлыбритания және бір АҚШ азаматына жергілікті тұрғын жол көрсетіп, жөн сілтеп келе жатқан.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от АКИпресс - Новости Кыргызстана (@akipress)

Қас пен көздің арасында төнген қауіптен туристер аса ауыр зардап шекпеген. Ерекше сәттің куәсі болған туристер қол-аяғы сырылғанына қарамастан, көшкіннен кейінгі шатқал маңайын фотоға түсіріп, тас-талқаны шыққан көпірден өтіп, саяхатын әрмен қарай жалғастырған.