Шымкентте сауда орталығында кәмелеттік жасқа толмаған қыз қаза тапты. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаменті хабарлады.
3 шілдеде жедел басқару орталығының «102» арнасына қаладағы ойын-сауық орталығында кәмелетке толмаған қыз қаза тапқаны туралы хабарлама түскен. Тексеріс барысында қыздың сол орталықта жұмыс істейтіні анықталды. Оны электр тогы соққан.
Факті Қаратау ауданы Полиция басқармасы СДТБТ-ға ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соғу) бойынша тіркелді.
Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.