Доллар бағамы 9,27 теңгеге арзандады
Доллар бағамы 9,27 теңгеге арзандады
2,007
оқылды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады.  Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 8 шілденің кешімен салыстырғанда 9,27 теңгеге төмендеп, 1 доллар 464,85 теңге болды. Ұлттық банктің 11 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 474,92 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 468,70 теңге, сатып алу – 474,20 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 468 теңгеден болса, сатып алу – 472, 60 теңге.