Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы балалардың жағдайы жөнінде хабарлады.
«11 шілде күні химиялық уланумен төрт бала Балаларға шұғыл медициналық жәрдем орталығына жеткізілді. Олар БШМЖО-ның токсикология бөлімінде ем алуда. Жағдайлары орташа дәрежеде», - деп хабарлады ҚДСБ баспасөз қызметі.Бұған дейін канал суына ағып кеткен баланы құтқармақ болып өздері суға кеткен құтқарушылардың видеосына ТЖМ түсініктеме бергенін жазған болатынбыз.