Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қымбаттады.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 8,12 теңгеге көтерілді. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 473,38 теңге.
Ұлттық банктің 12 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 464,85 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 473 теңге, сатып алу – 477,50 теңге. Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 472 теңгеден болса, сатып алу құны – 475,50 теңге.
Айта кетейік, кеше Қор нарығында доллар 9 теңгеге арзандады.