Алматыда шектеу шаралары күшейтілді
Алматыда шектеу шаралары күшейтілді
Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев
1,252
оқылды
Алматы қаласының әкімдігі коронавирус инфекциясы таралуын болдырмас үшін шектеу шараларының күшейтілгенін хабарлады.  Елде COVID-19 ауруының өсуін ескере отырып, қосымша шаралар қабылдау туралы шешім қабылданды:
- науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтан жұмыс жасау түріне ауыстыру; - вакцинациялануға абсолюттік қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс жасауға ауыстыру; - жабық мекемелерде, қоғамдық көліктерде маска тағу ұсынылады.
«Әзірге бетпердені тағу ұсыныстық сипатқа ие», - делінген әкімдік хабарламасында.
Алматы 4  шілдеден бері эпидемиологиялық ахуал бойынша «сары» аймақта тұр. Алматы қаласының мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен қоғамдық көлікте, әуе және теміржолмен сапар барысында, сондай-ақ адамдар көп жиналатын жабық орындарда (сауда орталықтары, сауда үйлері, базарлар, банктер, Халыққа қызмет көрсету орталықтары және т.б.) бетперде кию ұсынылды.