Жастардың қазіргі қарқыны қуантады
Жастардың қазіргі қарқыны қуантады
581
оқылды
Ақын Ғалым Жайлыбай қазір елді демократияландыру, орталықсыздандыру және бюрократияны жою мәселелеріне баса көңіл бөлініп жатқанын айтты. Бұған дейінгі съездердің көпшілігі жетістіктерге ғана негізделіп, ауқымды түрде сән-салтанатпен өтетін еді. Байқаймын, осы жолы ешқандай пафоссыз, жастардың түрлі-түрлі проблемасын қамтып, соны шешу амалдарын іздестіретін ресми алаң ретінде өтіп жатыр. Оның ішінде, әсіресе елді демократияландыру, орталықсыздандыру және бюрократияны жою мәселелеріне баса көңіл бөліп жатыр. Сол арқылы жастар қанаты қоғамды алға жылжытуға және дамытуға дайын екенін, жұрт алдындағы жауапкершілігін сезінетінін көрсетті деп ойлаймын. Жастар қанаты әрқашан жас буынның әлеуметтік-экономикалық және саяси әл-ауқатының барометрі болуы тиіс. Дәл қазіргідей қарқынмен, бүгінгідей энтузиазммен кіріскен тірліктері жемісті болуына тілектестігімді білдіремін.