Ерлан Саиров: Мемлекет келешегі – жас буынның қолында!
Ерлан Саиров: Мемлекет келешегі –  жас буынның қолында!
435
оқылды
«AMANAT» партиясы өзінің жастар қанатының трансформациясын бастап кетті. Ақмола облысы Зеренді ауданында қазір партияның жастар қанатының кезектен тыс VI съезі өтіп жатыр.Төрт күндік съезде еліміздегі терең қоғамдық-саяси өзгерістер кезеңіндегі жастардың рөлі, жастар қанатының трансформация мәселелері қарастырылды. Съезді партия жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев ашты. Ал Пленарлық отырыста сөйлеген Мырзабай Ұлан «Отансүйгіштік бүгінгі жастардың ең басты қасиеті болғаны абзал», – деп атап өтті. Асыл Ахметова «халқымыздың дәстүрлі құнды­лықтарын дәріптеу – басты міндет» деп атап өтіп, елімізде дәстүрлі ойындардың әлемдік жарыстарын өткізуді ұсынса, медиа-волонтер Диас Камериданов шетелге ұлттық құндылық­тарды әлеуметтік желі арқылы насихаттау мәселесін көтерді. Волонтер Ариана Белобжицкая мемлекеттік тілді дамыту, жастар арасында дәріптеу мәселесін өзектесе, фут­залдан EУРО 2022 үздік бомдардирі Біржан Оразов «AMANAT» партиясы жастар қанатын «Жастар Рухы» деп атауды ұсынды. Съезд делегаттары бұл ұсынысты толық қол­дады.Съезд жұ­мы­сына Мә­жіліс Спикері, «AMANAT» партиясы Төра­ғасы Ерлан Қошанов қатысып, сөз сөйледі. Ол жастар қанатының жұмысына қатысты өзінің ойымен бөлісіп, Жаңа Қазақстан болашақ жастардың игілігі үшін құрылып жатқанын атап өтті.«Бұл реформалардың мәні неде? Сіздердің әрқайсыңызға – еліміздің саяси өміріне, бизнеске, басқа да қоғамдағы маңызды мәселелерге еркін араласу үшін тең мүмкіндік беру. Бір сөзбен айтқанда, біздің жастарымыз келешекте әділетті де ашық қоғамы бар қуатты Қазақстанда өмір сүруі керек. Президент бастамасымен осы өзгерістің барлығы Конституциямызға енгізілді, шегеленді, заңдастырылды. Ендігі кезекте осы реформаларды іске асыруда – алдыңғы қатарда жастар, әрине сіздердің болуларыңыз өте маңызды», – деді Ерлан Қошанов. Жастар қашанда қоғам дамуында шешуші рөл атқарады. Жастарды елдегі болып жатқан процестерге қатыстыру, адамгершілік тәрбиесін, білімі мен отансүйгіштік қасиеттерін арттыру – жастар қанатының басты міндеті. Сондықтан да, жастар қанаты, біріншіден, жас ұрпақтың әлеуетін топтастырып, оны ел дамуының игілігіне ба­ғыт­тайтын институт, екіншіден, жастардың мәселелерін жоғары деңгейге көтеріп, олардың ше­ші­мін іздейтін жас буынның әлеуметтік-экономикалық және саяси әл-ауқатының барометрі болып қалуы тиіс.