Жанжалдан қашқан 8 мың адам елге оралды
Жанжалдан қашқан 8 мың адам елге оралды
351
оқылды
Жамбыл облысы Қор­дай ауданында болған жан­жал кезінде шекара асып кеткен азаматтар ора­ла бастады. Облыс әкі­мі Бердібек Сапар­баев­тың айтуынша, Қырғыз­ еліне өтіп кеткен тұр­ғын­дар елге қайта бастаған. Облыс әкімінің сөзіне қа­рағанда, соңғы екі күнде елімізге 8 мыңнан астам азамат қайта келіпті. «Үш күн ішінде біздің көп­теген азаматымыз Қырғыз­станға қашқан болатын. Ал соң­ғы екі күнде елге 8 мың азамат оралды. Кешеден бері барлық мектептер мен балабақшалар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Барлық сауда орындары да ашылды», – деді Б.Сапарбаев. Қазақстандықтардың Қор­дайдағы жанжал кезінде Қыр­ғыз еліне қашқаны жайлы ақ­парат 9 ақпанда масс-медиада жа­рияланған еді. Қырғыз­стан­ның 24.kg агенттігі 8 ақпанда екі елдің шекарасындағы «Кен-Булун-Автодорожный» өткізу пунк­ті­нен шамамен 4 мың аза­мат көрші елге өткенін жазған бо­латын. Өзге бекеттер жайлы ақпарат жоқ. Ал дүйсенбі күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Респуб­ликасының президенті Соо­рон­бай Жээнбековпен телефон арқылы Қордайдағы оқиғаларды талқы­лаған еді.