Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қымбаттады.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар 2,29 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 475,91 теңге.
Ұлттық банктің 13 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 473,38 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 474,00 теңге, сатып алу – 478,00 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 472 теңгеден болса, сатып алу құны – 475,50 теңге.