Ақтөбе әкімі қызметін 1,5 миллион долларға сатпақ болғандар қылмыс үстінде ұсталды
Ақтөбе әкімі қызметін 1,5 миллион долларға сатпақ болғандар қылмыс үстінде ұсталды
© sn.kz
954
оқылды
Алаяқтар Ақтөбе әкімі  лауазымын 1,5 миллион долларға сатып алуды ұсынған. Бұл туралы "Ұлттық қауіпсіздік комитетіне – 30 жыл" фильмінде баяндалады. 
Деректі фильмде хабарлағандай, қылмыскерлер өздерін жоғары лауазымды шенеуніктердің көмекшілеріміз деп таныстырған.
"Бұл биыл болған оқиға, 1,5 миллион долларға Ақтөбе қаласының әкімі қызметін ұсынған. Күдіктілер 30 миллион теңге көлеміндегі авансты беру кезінде ұсталды", – делінген фильмде.
Осыдан 30 жыл бұрын 1992 жылғы 13 шілдеде ел Президентінің Жарлығымен Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылды. Бүгінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз құзыреті шегінде Қазақстан ұлттық қауіпсіздік органдарының бірыңғай жүйесіне, барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметіне, мемлекеттік шекарасын күзетуге, үкіметтік байланыс қызметіне және «А» арнаулы мақсаттағы қызметіне басшылықты, оның құзыретіне жататын қызмет салаларында ведомствоаралық үйлестіруді, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай саясатты жүзеге асырады және Қазақстанда мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті орган болып саналады. https://www.youtube.com/watch?v=zNxkHeRTN_Q