Жаңа медаль тағайындалды
Жаңа медаль тағайындалды
305
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың Жарлығымен ел Конс­титу­циясының 25 жылды­ғы құр­метіне арналған мере­ке­лік медаль тағайын­далды. Президент өз Жарлығында аталған медальдың Консти­туцияның үстемдігін қамтамасыз етуге, Қазақстанның конс­ти­туциялық негіздерінің қалыптасуы мен дамуына, адамның және аза­­маттың конституциялық құ­қық­тары мен бос­тандықтарын қорғауға елеулі үлес қос­қан Қа­­зақстан азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақса­тында тағайындалғанын атап өтті. Сонымен қатар Жарлықта Қазақстан Конституциясының 25 жыл­­дығы құрметі­не мерекелік ме­дальді та­ғайындау, оны­мен наградтау қағи­далары, медальдің сипат­тамасы қоса бе­рілді. Медальмен наград­тау қағида­ларында оны беру туралы ұсы­ныстарды Мемлекет басшысына Пар­ламент палаталарының, өзге де мем­­лекеттік органдардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыс әкімдерінің, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің енгізе алатыны айтылған.