Қант бағасын реттей алмаған екі министр сөгіс алды
Қант бағасын реттей алмаған екі министр сөгіс алды
Фото: ult.kz
1,091
оқылды
Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялады. Себебі, қымбатшылық жайлап, импорттық қантқа 90 пайыз тәуелдіміз. Сондықтан Бақыт Сұлтанов пен Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялады.
«Біз қант импортына 90 пайыз тәуелдіміз. Бұл жерде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы шешімге сілтей салуға болады. Бірақ қандай жағдай болсын, бұл Үкіметтің басты қателігі. Демек, мемлекеттің мүддесін қорғай алмадық. Сондықтан министрлер Бақыт Сұлтанов пен Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаймын, – деді Президент.
Еліміздегі 7 қант зауытының 4-еуі ғана жұмыс істейді. Төрт жылда қант қызылшасын егетін аумақ үштен бірге азайған.