Бір жынысты некені насихаттайтын «Базз Лайтер» мультфильмі Қазақстан кинотеатрларында көрсетілмейтін болды
Бір жынысты некені насихаттайтын «Базз Лайтер» мультфильмі Қазақстан кинотеатрларында көрсетілмейтін болды
© kinopoisk.ru
678
оқылды
«Базз Лайтер» мультфильмі Қазақстан кинотеатрларынан көрсетілмейтін болды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 
«Ел азаматтары мен БАҚ өкілдері тарапынан шетелдік «Базз Лайтер» анимациялық фильміне қатысты көптеген сұрақ келіп түсті. Жауабымды осы жазба арқылы жеткізсем, аталған картина Қазақстан кинотеатрларында көрсетілмейді», - деп жазды ол.
Мульфильмде екі әйел кейіпкердің бір-бірімен сүйісуі қоғамда қызу талқыға түсті. Қазақстандықтар мультфильмнің көрсетілуін тыйым салуды талап етіп, қол жинады. Қазақстаннан басқа бұл мультфильмнің көрсетілуіне 14 елде тыйым салынған. Туынды 6 жастан асқан көрермендерге арналған.