Алматыдағы «Дарабоз» ықшам ауданында қару асынып, көшеге шыққан ер адам сотталуы мүмкін. Бұл туралы Алатау ауданының прокуроры мәлімдеді.
Ведомство өкілінің айтуынша, ер адамның әрекеті ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша сараланды.
«Күдікті 3-7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық іс қозғалды. Іс бұзақылық бабы бойынша тергеліп жатыр. Ұсталған азаматтың қаруы тәркіленіп, заттай айғақ ретінде танылды. Қазір ол сақтау камерасына тапсырылды», - деді Алматы қаласы Алатау ауданының прокуроры Ізбасар Масақбаев.