Стратегиялық ынтымақтастық жайы сөз болды
Стратегиялық ынтымақтастық жайы сөз болды
509
оқылды
Мемлекет басшысы Еу­ро­па Одағының Орталық Азия жөніндегі арнаулы өкілі Тери Хакаламен бейнебай­ла­ныс режимінде кездесу өткізді. Кездесу барысында Қа­зақ­стан мен Еуропа Одағы арасын­дағы серіктестіктің өзекті мәсе­ле­лері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қа­зақстанның маңызды серіктесте­рінің бірі Еуропа Одағымен көп­жақты ықпалдастықты дамы­туға мүдделі екенін нақтылап, екі­жақ­ты стратегиялық ынты­мақ­тас­тыққа тың серпін беруге дайын екенін жеткізді. Қазақстан Президенті жуыр­да өткен конституциялық ре­фе­рендум мен Жаңа, Әділетті Қа­зақ­стан­ды құруға қатысты ре­фор­малар туралы айтты. Өз кезегінде Тери Хакала Пре­зидентті референдумның сәт­ті өтуімен құттықтап, Брюс­сель­дің Орталық Азия аймағын­дағы жетекші серіктесі Қазақ­станмен ұзақ мерзімді ынты­мақтастық пен ықпалдастықты жалғастыруға Еуропа Одағының бейілді екенін нақтылады. Сонымен қатар ол Еуропа Ода­ғы Мемлекет басшысының рефор­малар жүргізу бағдарла­масына жан-жақты қолдау көр­сететінін, Қазақстанның көпвек­торлы және теңгерімді сыртқы саясатын жо­ғары бағалайтынын мәлімдеді. Еуропа Одағы Қазақстанмен көлік-логистикалық байланыс­тарды нығайтуға зор қызығушы­лық танытты. Бұдан бөлек, олар өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде жан-жақты пікір алмасты.