Сайлауалды бағдарлама – басты назарда
Сайлауалды бағдарлама – басты назарда
716
оқылды
Мәжіліс депутаттары Әмірхан Рахымжанов пен Жанат Омарбекова «AMANAT» партиясы Семей филиалы­ның активімен кездесті. Мәжілісмендер ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құру бағытындағы маңызды бастамалар және елімізде жүргізіліп жатқан кон­сти­туциялық өзгерістер туралы қыс­қа­ша хабардар етті. Депутаттар қазақстандықтар­ға түрлі салалардағы реформаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуға мүмкіндік беретін еліміздің саяси өміріндегі өзгерістер туралы барынша көбірек білуге тиіс екенін атап өтті. Кездесу барысында өңірдегі автокөлік жолдарының сапасы сөз болды. Депутат Әмірхан Рахымжанов Ақсуат, Көкпекті, Катонқарағай аудандарында және жаңадан құрылған Абай облысының Курчатов қаласында болғанын алға тартып, жолдардың сапасы шынында сын көтермейтіндігіне тоқталып өтті.
– Әрине, қалған уақыт ішінде 405 шақырым жолды жөндеу мүмкін емес. Май­қапшағай жағынан Зайсанға, Көк­пек­тіден Қалбатауға дейінгі жолды да жөндеу басталды. Ақсуат шекарасынан Көкпектіге дейінгі жолдар мүлде қолға алынбаған. Егер биылғы жылы ең болмағанда 100 шақырым жол жүріп үлгерсе, бұл үлкен алға жылжу болмақ, – деді Әмір­хан Рахымжанов.
Жанат Омарбекова өз кезегінде, қаладағы тарихи ғимараттарды сақтау мәселесіне тоқталып, бұл бағытта салалық министрлікпен бірлесіп, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.

***

Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Снежанна Имашева да Батыс Қазақстан облысына жұмысччччччччччсапары аясында Оралдағы Әбілқайыр хан даң­ғылын­дағы магистралды жолдарды жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Депо көпірінен Сырым Датов көшесіне дейінгі үш шақырымдық жолды жөндеу бірнеше кезеңнен тұрады. Ол жолдың өзі 5 учаскеге бөлінген. Мердігер компания жетекшісі Жанна Кенжинаның айтуынша, қазіргі уақытта асфальт жабынының жоғарғы қабаты учаскелерінің бірінде жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін 1,6 шақырым жол жөнделген. тұрғындар Өз кезегінде, Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева бұл халықтың көкейінде жүрген маңызды мәселелердің бірі екенін айтты.
– Сайлауалды үгіт-насихаттар кезінде халыққа әлеуметтік нысандарды салу, қала көшелерін ретке келтіру туралы уәде берілген болатын. Әбілқайыр хан даңғылы да осындай нысанға жатады. Сондықтан оған ерекше ден қойылып, сапасына баса назар аударуымыз қажет. Біз өңірлерге сапар барысында сайлауалды бағдарламаның орындалуын қадағалаймыз. Мердігерлермен де әңгімелесіп, мәселелерге баса назар аударамыз, – деді депутат.
Сондай-ақ Снежанна Имашева бірнеше күн ішінде облыстың бірқатар аудандарына барып, әлеуметтік нысандарды, инженерлік коммуникацияларды жөндеу және құрылыс барысымен танысып, тұрғындардың тілектері мен өзекті мәселелерін тыңдады.

***

Мәжіліс депутаты, Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асқарбек Үйсімбаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Сандықтау ауданындағы «Урожай» стадионында болды. Аудан орталығы Балкашино ауылындағы бұл нысан партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасы аясында қайта жөндеуден өтіп жатыр. Іргетасы 40 жыл бұрын қаланған нысанға содан бері бірде бір рет жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.
– Мердігерлер стадиондағы жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтауы тиіс. Әрине, бірінші кезекте спорт нысанының құрылысы жоғарғы деңгейде болса дейміз. Сонымен бірге сапалы орындалуын, барлық стандарттарға  сай болуын бақылау қажет,  – деді мәжілісмен Асқарбек Үйсімбаев.
Стадион партияның Жол картасы аясында салынып жатқан аудандағы ең ірі спорт нысаны саналады. Мұнда футбол, волейбол және баскетболға арналған үш спорт алаңы, сонымен қатар жеңіл атлетшілерге арналған жүгіру мен секіруге арналған алаңдар мен күрес залы бар. Кір көтеруден Әлем және Азия чемпионы Андрей Дулин стадионның жастардың спортқа деген қызығушылығын шыңдап, биік белестерді бағындыруына мүмкіндік беретініне сенімді.
– Менің кір көтеру спортымен кәсіби түрде айналысып жүргеніме 8 жыл болды. Осы уақыт аралығында үлкен белестерді бағындыра алдым. Енді міне, ойын спортының дамуына жағдай жасалып жатқаны қуантып отыр. Әсіресе, футболшылар қуаныштарын жасыра алмай жүр. Өзім де келіп, осы стадионда жүгіремін, шынығамын деп жоспарлап жүрмін, – деді.
Мәжіліс депутаты аймақтарға сапары барысында халықпен кері байланыс орнатып, ауылдықтарды толғандыратын проблемалық мәселелерге де баса назар аударады.
– Іссапарым Аршалы ауданынан басталды. 6 ауданға қарасты ауылдардың аралағанда ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Мәселе Егіндікөл ауданында өте өзекті. Мәжілістегі әріптестеріммен бірге мәселені шешу жолдарын қарастырдық. 3 аудандағы 24 елді мекенді ауыз сумен қамту жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді. Мәселені «AMANAT» партиясымен бірге көтеріп, оның орындалуын бақылауға алып отырмыз, – деді мәжілісмен.
Халық қалаулысы осы жолғы сапарында Ақмола облысының 6 ауданындағы 13 елді мекен хал­қы­мен кездесулер өткізді, бірқатар кәсіпорындар мен әлеуметтік мекемелердің жұмысымен танысты.