Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы үшінші күн қатарынан көтерілді.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,85 теңгеге көтерілді. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 480,37 теңге.
Ұлттық банктің 15 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 478,39 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 477,95 теңге, сатып алу – 482,60 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 477 теңгеден болса, сатып алу құны – 480,50 теңге.