Жастар рухы» жарқын жобалардың жанынан табылады
Жастар рухы» жарқын жобалардың жанынан табылады
592
оқылды
Баршаға мәлім, біз қоғамның қажеттілігіне және сұранысына, қарапайым халықтың мүддесіне негізделген Жаңа Қазақстанға бет алдық. Осы орайда партиямыздың қызметін трансформациялау үрдісі оның жастар қанатында да жалғаспақ. Жастар қанатының трансформациясы бойынша белсенді жастардан мыңдаған ұсыныс түсті. Сол ұсыныстар негізінде ұйымның жаңғыру бағдарламасының жобасы әзірленді. Зерендідегі съезд кезінде ұйымға «Жастар рухы» атауын беру туралы ұсыныс жасалды. Бұл атауды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, Партия Төрағасы Ерлан Қошанов та қолдап, съезд делегаттары да бірауыздан құптады. Жаңарған атаумен «Жастар рухы» барша қазақстандық жасты елдің кешегін бағалап, ертеңін жарқын ету үшін нақты іс-қимыл жасайтын мықты азамат болуға шақырады. Рас, Қазақстандағы миллиондаған жастың өз көзқарасы бар. Бірақ бізді елге, жерге деген сүйіспеншілік, Қазақстанның болашағы жолында адал еңбек ету мақсаты біріктіреді. Қоғам мен мемлекет өміріндегі кез келген өзгеріс жас­тарға байланысты. Сондықтан жастардың рухы ең әуелі ар-ұждан мен ақыл-парасатқа сүйенуі қажет деп біле­мін. Олардың бойынан Әділет, Білім, Адал еңбек, Еркіндік, Патриотизм секілді құндылықтардың сіңіргенін қалаймын. Сол арқылы жастар мұқалмас, қайсар рухқа кенеледі. Дәл осы ізгі қасиеттерді бо­йына сіңіре алған өрендер тарих көшінде елімізді дамудың даңғыл жолына шығарады. Міне, «АМАNАТ» партиясы жастар қанатының философиясы мен іс-әрекеті дәл осындай мазмұнға негізделген. Осы принциптерді басшылыққа ала отырып, трансформация бағдарламасын қолға алдық. Құрамында 105 мың мүшесі бар партияның жастар қанатын қайта жаңғырту тек атау өзгертумен шектеліп қалмайды. Ұйым жұмысында жаңа бағыт, ауқымды өзгерістер болады. Әрине, қандай болмасын ұйымдағы трансформация ә-дегеннен көзге көрінбейді. Біз өзгерістерді аймақтық филиалдарымыздың қызметін күшейтуден бастаймыз. «Жастар рухы» жас­тар қанатының барлық аймақта филиа­лы бар. Осы ресурсты дұрыс пайдалану арқылы, аймақтардағы жастарымыз­дың әлеуетін көтеруді жоспарлап отыр­мыз. Бұл іске ел аумағындағы 237 жас­тар ресурстық орталығын да тартамыз. Жоғары оқу орындарындағы, кә­сіпорындардағы және өзге де ұйым­дардағы жастар қанаты бөлімшелерінің қызметіне көңіл бөлінеді. жастар рухы Филиалдардың жұмысына арнайы индикатор белгіленіп, тиісті рейтингі түзіледі. Бұл ұйымның жергілікті жердегі құрылымдық бөлімшелері арасындағы бәсекені арттыруға негіз болмақ. Зияткер ұлт – мемлекеттің тірегі, елдің одан әрі дамуы мен өркендеуінің негізі. Бүгінгі таңда жас қазақстандықтар Facebook, Google, Amazon, Apple, Microsoft, eBay, Booking.com. сияқты әлемдік алпауыт компанияларды бағындырып жатыр. «Жастар рухы» жастардың зияткерлік әлеуетін, кәсіби деңгейін көтерумен де айналысады. Жоғары сынып оқушыларына дұрыс кәсіптік бағдар беріп, жастар арасындағы пікірсайыс қозғалысын күшейеді. Балалар мен жасөспірімдерге грант­тар, стипендиялар, конкурстар, шахмат турнирлері, бос жұмыс орындары туралы өзекті ақпарат ұсынамыз. Мүмкіндіктер форумын өткізу жоспарымызда бар. Үшіншіден, жастардың арнайы санаттарына арналған кешенді жобаларды іске қосамыз. Әсіресе, ауыл жа­с­тары, NEET пен жұмыссыз жастар бас­ты назарда. Оларға ақпараттық-әдісте­мелік, консультациялық сүйемелдеу мен көмек көрсету үшін «Жастар-Жас­тарға» мобильді топтары жасақталады. Жастар арасында отбасылық құндылықтарды, патриотизмді насихаттау­ды да өз парызымыз деп білеміз. Жас­тар­дың әскери қызметке қызығушы­лығын арттыру үшін «Сарбаз болғым келеді» ашық есік күні, Qaisar әскери-патриоттық жобасы жалғасады. Құқықтық сауатты жастар елдің, өңірдің дамуына, оларды басқаруға атсалысады. Осы орайда «Жастар рухы» жастарды заңнамалық актілерді әзірлеу және оларға өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс топтарына тартуға мемлекеттік, өңірлік даму бағдарламаларын, бюджеттерді қалыптастыруға, олардың орындалуын бақылауға қатысуға жағ­дай жасайды. «Жастар рухы». Бұл атау елімізді әрі қарай өркендету жолында жастардың күшін біріктіреді. Ұйым мүшелері арасында сенім мен ынтымақтастыққа не­гізделген қарым-қатынас мәдение­тін қалыптастырады. Сол арқылы біз бұқара мен билік арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді арнасына айнал­ғымыз келеді.

 Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы