Коронавируспен күреске – 100 миллиард теңге
Коронавируспен күреске – 100 миллиард теңге
402
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда биыл коронавируспен қарсы күреске бөлінген қаражат көлемін айтты.
«Коронавирус инфекциясымен күресу үшін биыл 100 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл вакцина сатып алуға, науқастарды емдеуге, аса қауіпті жағдайда жұмыс істейтін медицина қызметкерлері алатын жәрдемақыға кетеді. Салыстырмалы түрде былтырғыға қарағанда бұл (бюджет) алты есе аз. Ауруханаларда науқастар аз, биыл екінші толқын басталды», – деді министр.
Министрдің айтуынша, бұл сома толық жетеді. Жетпеген жағдайда бюджетті қайта қарауға әрқашан мүмкіндік бар екен. Мамырдың ортасында Денсаулық сақтау министрі 2020 жылы COVID-19-бен күресуге бюджеттен 252 миллиард теңге жұмсалғанын, ал 2021 жылы бұл мақсаттарға 556 миллиард теңге жұмсалғанын айтқан еді.