Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы қымбаттады.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3, 60 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 484, 18 теңге.
Ұлттық банктің 18 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 480, 37 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 485 теңге, сатып алу – 489 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 481 теңгеден болса, сатып алу құны – 484 теңге. Ресей рублі 7,45- 7,75 теңге аралығында саудаланып жатыр.