Бурабайдағы лагерьде 11 жасар баланы қатарластары зорлаған: қылмыстық іс қозғалды
Бурабайдағы лагерьде 11 жасар баланы қатарластары зорлаған: қылмыстық іс қозғалды
2,723
оқылды
Полицейлер Бурабайдағы балалар лагерінде 11 жасар баланың жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырауына қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады. 
«НеМолчи.kz» қоғамдық қорының президенті Дина Таңсәрінің айтуынша, қорға 11 жасар баланың ата-анасы шағымданған. Олардың айтуынша, ұлдарына 2011 және 2008 жылы туған екі бала жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет жасаған.
«Онымен қоймай, киімін, шалбарын, іш киімін шешіп, мазақ еткен. Бұл жаға ұстатар сұмдық жағдай – басшылығы балалардың қауіпсіздігіне кепілдік берген балалар лагерінде болған! Бұл жағдайды ести сала аға тәрбиеші зардап шеккен баланы зорлық көрсеткен балалармен татуластыруға, шу шығармауға көндіруге кіріскен. Дегенмен баланың ата-анасы кінәлілерді заң бойынша жазалауды талап етіп отыр», – деп жазды Дина Таңсәрі әлеуметтік желіде.
Ақмола облыстық Полиция департаменті “Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерге мәжбүр ету” бабы бойынша қылмыстық істі тергеуге кірісті.