Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 18 шілденің кешімен салыстырғанда 4,26 теңгеге төмендеп, 1 доллар 480,36 теңге болды. Ұлттық банктің 19 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 484, 18 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 480 теңге, сатып алу – 485 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 478 теңгеден болса, сатып алу – 483 теңге.