Туризм дамып, мешіт қалпына келеді
Туризм дамып, мешіт қалпына келеді
245
оқылды
Биыл Каирдегі Сұлтан Бейбарыстың мешітін қалпына келтіру жұмыс­та­ры аяқталады. Бұл туралы Қазақстанның Мысырдағы елшісі Арман Исағалиев пен МАР көне ескерт­кіш­тер және туризм министрі Ха­лед Әл-Аннанимен кез­десуінде белгілі бол­ды. Сонымен бірге екі ел ара­сын­дағы туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту жол­­дары қарастырылды.  Айта кету керек, соңғы жылдары Қа­зақстаннан Шарм аль-Шейх пен Хургадаға тікелей чар­­терлік рейс ашылғалы бері Мысырдың шипажайларына баратын қазақ­стан­дық туристің саны едәуір артқаны байқалады. Мысырда кеңінен жүріп жатқан ақпараттық жар­на­ма жемісін беріп, туристер­дің Қазақстанға деген қызы­ғу­шылығы да артқан. Осыған орай, елші екі ел арасындағы туристік ағымды кеңейту үшін мысырлық әуекомпаниялардың Қазақстанға тікелей әуе рейс­терін ашуға қолдау көрсетудін сұрады. Ал Халед Әл-Аннани МАР Азаматтық авиациямен бір­лесіп бұл мәселені жақын ара­да шешуге уәде етті. Оның айтуынша, қосымша рейстердің ашылуы тек өзара туризмнің өсуіне ғана емес, екі ел арасындағы бизнес қаты­настары мен сауда-эко­но­ми­калық ынты­мақ­тас­тықтың жан­да­нуына серпін береді. А.Исағалиев Ұлы дала елі­нің даңқты перзенті Сұлтан Бейбарыстың Каирдегі мешітін қалпына келтіру жұмыстарын жаңғыртқаны үшін Мысырдың үкіметі мен көне ескерткіштер және туризм министрлігіне зор алғыс білдірді. Қазіргі кезде жұмыс қар­қынды жүруде. Аталған жоба­ның бас мердігері – Мысыр мен Таяу Шығыстағы ең ірі Arab Contractors құрылыс ком­па­ниясы өкілдерінің айтуынша, мешітті реставра­циялау жұмыс­тары толығымен 2020 жылғы шілдеде аяқталуы тиіс.   Әділ БЕК